KZTO 823,00 (+0,73%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 823,00 (+0,73%)

Павлодар мұнай құбыры басқармасы қызметкерлерінің балаларына өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша шеберлік сабағы өткізілді

 30.07.2024    761
Павлодар мұнай құбры басқармасында компанияның 2024-2027 жылдарға арналған өдірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдайды жақсартуға бағытталған Жол картасы аясында қызметкерлердің балалары үшін өндірістік қауіпсіздік тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.

Басқосу кезінде балалар желілік құбыршылар құбырды кесетін және тесетін құрылғылардың жұмысымен танысты. Ал өндірістік қызмет көрсету базасының мамандары магистральдық сорғының функционалдық  міндетін түсіндірді. Сонымен қатар балғындар өрт сөндіру көлігі мен құрал-жабдықтарды көзбен көріп, тілсіз жауды өшіру жаттығуларына қатысты. Шеберлік сабағының соңында оларға мұнай құрамы мен оны өндіру, тасымалдау туралы   мол мағлұмат берілді.
Осы күні басқарманың өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті  және қоршаған ортаны қорғау бөлімі жариялаған «Қауіпсіз жұмыс балалар көзімен» тақырыбындағы сурет байқауы қорытындыланды. Басқарманың инженер-экологі Майя Кадырованың  айтуынша, аталмыш конкурс өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауды және бойларындағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Өнеркәсіптік, өрт және көлік қозғалысы қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы туралы білімдерін кеңейту мақсатында жарияланған.

Конкурсқа екі санат, яғни  7 жастан 12 жасқа дейінгі және 13 жастан жоғары 62 бала қатысып, бастапқы кәсіподақ ұйымы атынан сыйлық сертификаттары мен арнайы дипломдар табыс етілді.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер