KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Талғат Құрманбаев «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды

 07.08.2024    2469
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен 2024 жылдың 5 тамызынан бастап Талғат Құрманбаев «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Басқарма мүшесі болып сайланды.

Тағайындалғанға дейін Талғат Құрманбаев «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) болды.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) Тянь Айминь.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС – «ҚазТрансОйл» АҚ (50 %) және China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd. (50 %) бірлескен кәсіпорны, сондай-ақ «Кеңқияқ – Құмкөл» және «Атасу – Алашанқай» магистральдық мұнай құбырларын иеленуші.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС «Кеңқияқ – Құмкөл» және «Атасу – Алашанқай» магистральдық мұнай құбырларын иеленеді. Аталған мұнай құбырлар «Қазақстан – Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің бөлігі және 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісім аясында салынған.

«Атасу – Алашанқай» магистральдық мұнай құбыры 2006 жылы пайдалануға берілді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Құмкөл кен орындарының мұнайын Қытайға тасымалдауды, сондай-ақ Ресей мұнайының Қытайға транзитін қамтамасыз етеді. Мұнай құбырының жобалық қуаты – жылына 20 млн тонна мұнайды құрайды. Мұнай құбырының ұзындығы – 965,1 км.  

«Кеңқияқ – Құмкөл» магистральдық мұнай құбыры 2009 жылы пайдалануға берілді. Батыс Қазақстан және Ақтөбе кен орындарының мұнайын тасымалдауды қамтамасыз етеді. Мұнай құбырының жобалық қуаты – жылына 10 млн тонна мұнай. Мұнай құбырының ұзындығы – 794,2 км.
 
Реакция:
Серiктестер