Қазақстан мұнайының 125 жылдығына және Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында компания қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Жиында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов қол жеткізген табыстары үшін ұжымға алғысын білдіріп, қызметкерлерге марапаттар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.
Компания қызметкерлері Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Алғыс хатымен, «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасымен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ бас директордың құрмет грамоталары мен алғыс хаттары «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратының бірқатар қызметкерлеріне марапатталды.
Әріптестерімізді құттықтап, алдағы уақытта да табыс тілейміз!