KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбырының бойында мұнай айдау үшін энергия шығынын азайтады

 14.09.2024    4215
«ҚазТрансОйл» АҚ «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбырының «аверс» режиміндегі жұмысына «Кеңқияқ» магистральдық мұнай айдау стансасының қолданыстағы сорғы қондырғыларын қайта қосу арқылы жаңа технологиялық режимді қолдануды жоспарлап отыр.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов Ақтөбе мұнай құбыры басқармасына жұмыс сапары барысында бұл жобаның өндірістік процестерде энергия тұтынуды оңтайландыру міндеттеріне жауап беретінін атап өтті. 2010-2023 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай жүк айналымына энергияның үлестік шығынын 55,2%-ға төмендетті.

Сонымен қатар, «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасында Арман Қасенов күрделі құрылыс және күрделі жөндеу жобаларымен, «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау бойынша ұйымдастыру-техникалық жұмыс барысымен де танысып,  тиісті міндеттер жүктеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы «Жаңажол – Кеңқияқ» және «Әлібекмола – Кеңқияқ» магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай қоспаларын тасымалдауды қамтамасыз етеді, «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнайды «реверс» режимде қабылдайды, «Кеңқияқ – Атырау» және «Кеңқияқ – Құмкөл» магистральдық мұнай құбырлары бойымен «МұнайТас «Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС және «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жүйелеріне мұнай тасымалдайды.
Реакция:
Серiктестер