KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы анықталды

 26.11.2024    1822
«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының 2024 жылғы 25 қарашадағы шешімімен үш жыл өкілеттік мерзімге жеті адамнан тұратын «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы анықталды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланғандар:
  • Булат Закиров – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі;
  • Амир Бозжігітов – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі;
  • Ардақ Қасымбек – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі;
  • Арман Қасенов – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы);
  • Нұрлан Аханзарипов – тәуелсіз директор;
  • Кайнар Қожұмов – тәуелсіз директор;
  • Қазбек Құсайынов – тәуелсіз директор.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Булат Закиров  сайланды.
 
Серiктестер