Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Асхат Хасеновтың қатысуымен өткен Мәжіліс депутаттарының көшпелі отырысында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2024 жылға арналған өндірістік көрсеткіштері, сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарлары қаралды.
Кездесуге қатысушылар өндірістік бағдарламалар, экологиялық бастамалар, өнеркәсіптік қауіпсіздік және компанияның одан әрі даму жоспарлары туралы ақпаратты тыңдады. Қатысушыларға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2025–2033 жылдарға арналған Цифрлық технологияларды дамыту тұжырымдамасы, сондай-ақ «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырын дамыту жоспарлары таныстырылды.
Сонымен қатар, табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану перспективалары талқыланды. «ҚазТрансОйл» АҚ ISO 14001:2015 экологиялық менеджмент жүйесін үнемі жетілдіріп отырады. Компания Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарды сақтайды. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың барлық нысандарында шығарындыларды өндірістік бақылау тоқсан сайын жүргізіледі.
Мәжіліс депутаттары көшпелі отырыс аясында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы мұнай тасымалдау онлайн режимде басқарылатын Бас диспетчерлік басқармасында болды. Бұл жоба диспетчерлік бақылау және жүк ағынын басқару жүйесін (SCADA) енгізудің аясында жүзеге асты.