KZTO 840,00 (-0,47%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,00 (-0,47%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның отандық тауар өндірушілерден сатып алу үлесі 2024 жылы 72%-ды құрады.

 04.02.2025    167

«ҚазТрансОйл» АҚ сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық тауар өндірушілерге басымдық беруде.

2024 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 72%-ды құрады, оның ішінде: тауарлар бойынша – 56%, жұмыстар мен қызметтер бойынша – 76%. Қаржылай алғанда 2024 жылы жергілікті қамту үлесі 109 млрд теңгені құрады.

2024 жылы отандық тауар жеткізушілермен жасалған «ҚазТрансОйл» АҚ шарттарының сомасы 8,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде 4 офтейк-келісімшарт бар («Самұрық-Қазына«АҚ жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу бағдарламасын іске асыру шеңберінде әлеуетті өнім берушілер өндіретін тауарлар).

2025 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның сатып алуларында басымдыққа ие ұйымдар арасында – Қордың тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген кәсіпорындар, мүгедектер ұйымдары және сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету жеткізушілері арасында жалпы сомасы 11 млрд теңге көлемінде сатып алуды өткізу жоспарлануда.

«ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік қағидаттар мен стандарттарға сәйкес сатып алу қызметін жүзеге асыруды жалғастырып, отандық тауар өндірушілермен жұмысты күшейтуге және сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыруға ерекше назар аударады.

Серiктестер