KZTO 797,00 (-0,62%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 797,00 (-0,62%)

«ҚазТрансОйл» АҚ және «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС бизнес-процестерді сандық жүйеге көшіру мәселелерін талқылады

 14.02.2025    869
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС өкілдері ынтымақтастық пен әріптестік қатынастарды дамыту аясында бизнес-процестерді құру және трансформациялау тәжірибесімен алмасу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Астана қаласындағы орталық кеңсесінде болды.
Бірнеше күннің ішінде екі компанияның мамандары бірқатар кездесулер өткізіп, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бизнес-процестерді цифрландыру, бағдарламалық шешімдер мен технологияларды пайдалану, кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық жүйелерді интеграциялау тәжірибесін талқылады және өзара пікір алмасты.
Өткізген кездесулер қорытындысы бойынша «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС өкілдері  тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсынғаны және ынтымақтастыққа ашықтығы үшін «ҚазТрансОйл» АҚ-қа алғыс білдірді.
 
Серiктестер