KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2011 жылғы қаңтар – ақпандағы өндірістік қызметінің қорытындылары

 15.03.2012    833
«ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2012 жылғы қаңтар – ақпанда мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 8 млн. 709 мың тонна болды. 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 210 мың тонна немесе 2% төмендеген (2011 жылғы қаңтар – ақпанда мұнай тасымалдау көлемі 8 млн. 919 мың тонна болған-ды). «ҚазТрансОйл» АҚ МҚ жүйесі бойынша жүк айналымы 2012 жылғы екі айда 5 млрд. 467 млн тонна км. болды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 541 млн. тонна км. немесе 9% кеміген (2011 жылғы қаңтар – ақпанда жүк айналымы 6 млрд. 008 млн тонна болған-ды). Биылғы алғашқы 2 айдың қорытындылары бойынша «Өзен – Атырау – Самара» магистральды мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесімен мұнай айдау көлемі 2 млн. 633 мың тонна болды. 2011 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 30 мың тонна немесе 1% төмендеген (2011 жылғы қаңтар – ақпанда іс жүзінде 2 млн. 663 мың тонна мұнай болған-ды). Биылғы жылғы қаңтар – ақпанда «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 1 млн. 349 мың тонна мұнай деңгейіне жетті. Бұл көрсеткішті 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 483 мың тонна немесе 26% кем (2011 жылдың алғашқы екі айында іс жүзінде 1 млн. 833 мың тонна болған-ды). Үстіміздегі жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарына «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай жеткізу көлемі – 2 млн. 230 мың тонна құрады. Бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 58 мың тонна мұнай немесе 3% төмендеген (2011 жылдың екі айында іс жүзінде 2 млн. 171 мың тонна мұнай болған-ды). Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарының ресейлік мұнайға деген тапсырысының азаюына байланысты 2012 жылғы қаңтар-ақпанда (2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда) жүк айналымы мен мұнай тасымалдау көлемі төмендеген. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы Еділ суын беруді жүзеге асырады. 2012 жылғы қаңтар-ақпанда су беру көлемі 3 млн. 546 мың текше метр құрады, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда су беру көлемі 341 мың. куб.м немесе 11% артқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер