2024 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған түсім көлемі 311 млрд 900,1 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың көрсеткішінен 7,4% жоғары.
2024 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 41 млрд 577,97 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың нәтижесінен 26,6% жоғары.
Сонымен бірге, 2024 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке түсімі 258 млрд 660,6 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылғы ұқсас көрсеткіштен 7,3% жоғары.
2024 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке таза пайдасы 39 млрд 781,2 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 120,5% жоғары.
Қаржылық есептілік «ҚазТрансОйл» АҚ интернет-ресурсында мұнда және «Қазақстан қор биржасы» АҚ интернет-ресурсында мұнда жарияланады.