KZTO ()
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары ()

Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Каспий құбыр консорциумы» АҚ өкілдерінің 2024 жылғы жұмыс нәтижесі бойынша жиыны өтті

 18.03.2025    121
2025 жылғы 17 наурызда «ҚазТрансОйл» АҚ «Каспий құбыр консорциумы» АҚ («КҚК» АҚ) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
 
Жиын барысында 2024 жыл нәтижесі бойынша «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбыры нысандарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарының қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған жоспарлар баяндалды. Қазақстан Республикасы аумағындағы «КҚК» АҚ мұнай құбыры жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша келісім шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жұмысына оң баға берілді.
 
Кездесуде тараптар аталмыш Жоба бойынша ынтымақтастың тиімді және жұмыстың оңтайлы жүріп жатқанын атап өтті. Осы жылдар ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ мен «КҚК» АҚ қауіпсіз еңбек, персоналды әлеуметтік қорғау және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау қағидаттарын дәйекті түрде ұстана отырып, өздерін сенімді серіктес ретінде көрсетті.
 
Серiктестер