KZTO 858,03 (+0,94)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 858,03 (+0,94)

«ҚҚҚ» ЖШС-де стратегиялық сессия өтті: «ҚазТрансОйл» АҚ аймақтық бөлімшелерінде қызметтің негізгі бағыттары туралы ақпараттандыру науқаны жалғасуда

 16.10.2025    31
2025 жылғы 13 қыркүйекте Астана қаласында басталған «ҚазТрансОйл» АҚ стратегиялық сессиялары компанияның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарында (ЕББҰ) жалғасуда. Кезекті стратегиялық сессия кезеңі бүгін Алматы қаласында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-де (ҚҚҚ) өтті.
 
Іс-шара «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директоры Алмас Оңғарсынов пен «ҚҚҚ» ЖШС бас директоры Талғат Құрманбаевтың құттықтау сөздерімен және компанияның қазіргі қызметі мен болашақ міндеттері туралы ақпараттық бейнеролик көрсетілімінен басталды.
 
Одан кейін қатысушылар алдында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ көлік және логистика департаментінің директоры Ерболат Меңдібаев және стратегия және тиімділікті басқару департаментінің стратегия және тұрақты даму басқармасының бастығы Хорлан Аязбекова сөз сөйледі.
 
Содан соң негізгі бағыттар бойынша – «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнай тасымалдау, инвестициялық жобаларды іске асыру, активтерді басқару, корпоративтік даму және ЕББҰ қызметі жөнінде баяндамалар ұсынылды. Жеке баяндама «ҚҚҚ» ЖШС жұмысына арналды.
 
Сессияға қатысушылар кейін «ҚазТрансОйл» АҚ дамуына әсер ететін күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді анықтауға бағытталған SWOT-талдау жүргізу үшін төрт дивизионға бөлінді.
 
Дивизиондардың жұмысы аяқталғаннан кейін олардың жетекшілері SWOT-талдау нәтижелерін ұсынды. Жалпы талқылау барысында қатысушылар
«ҚҚҚ» ЖШС-ның операциялық тиімділігін арттыру мен тұрақты дамуына ықпал ететін өсу нүктелері мен жаңа қызмет бағыттары бойынша ұсыныстарды талқылады.
 
Стратегиялық сессия қатысушыларының пікірлері мен бастамалары «ҚазТрансОйл» АҚ-тың одан ары даму бағыттарын айқындайтын бірыңғай стратегиялық контурдың бір бөлігіне айналмақ.
 
Ертең стратегиялық сессия «МұнайТас» СБҚК» ЖШС-де өтеді.
Реакция:
Серiктестер