KZTO 812,10 (-0,35)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 812,10 (-0,35)

«ҚазТрансОйл» АҚ және Sino-International Pipeline Company ғылыми-техникалық инновациялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

 18.03.2025    4553

«ҚазТрансОйл» АҚ мен Sino-International Pipeline Company ғылыми-техникалық инновациялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бастамалар туралы келісімге келді.

Тараптар зерттеулер мен әзірлемелер, стандарттау, ғылыми-техникалық қызметке инвестицияларды ұлғайту, бірлескен кәсіпорындарда жаңа технологияларды тарату мен қолдануды ынталандыру, кадрлар даярлауды қарқындату, сондай-ақ ғылыми-техникалық инновациялар саласында алмасу тетігін құру саласындағы әріптестікті нығайту бөлігінде өзара іс-қимыл жасауға уағдаласты.

«ҚазТрансОйл» АҚ және Sino-International Pipeline Company қол қойған ғылыми-техникалық инновациялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бастамалар туралы меморандум тараптардың бірлескен кәсіпорындардың жұмысында ғылыми-техникалық инновациялық қызметтің қолдаушы және жетекші рөлін дамыту ниетін растайды.

Серiктестер