KZTO ()
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары ()

Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы (ХМТҚ) Басқармасының жиырма алтыншы отырысы өтті.

 06.11.2025    30
«ҚазТрансОйл» АҚ атынан іс-шараға бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Нұржан Қүшжанов, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әміржан Оспанов, корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директор Алмас Оңғарсынов және әлеуметтік-еңбек қатынастары мен жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор Ғазиз Қошанов, тасымалдау департаментінің директоры Исламдаут Акубаев қатысты.
Отырыста қатысушылар қауымдастықтың 2025 жылдың III тоқсанындағы қызметінің қорытындыларын және 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарын қарастырды. Сонымен қатар ХМТҚ-тың энергия тиімділігі мен жеткізілім мәселелері жөніндегі тұрақты сараптамалық топтарының жұмыс нәтижелерімен танысты. Отырыста өндірістік қауіпсіздік мәдениетін дамыту жөніндегі пікірталас алаңының жұмысы туралы ақпарат тыңдалып, 2026 жылы «Транснефть» ААҚ базасында өткізілу жоспарланған халықаралық ғылыми-техникалық жастар конференциясына дайындық мәселелері талқыланды.
«ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау департаментінің директоры Исламдаут Акубаев мұнай тасымалдау қызметтерін көрсету процесін құжаттық қамтамасыз етуді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйені енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы (ХМТҚ) мұнай тасымалының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қатысушы компаниялардың мұнай тасымалдау жүйелерін тиімді дамыту жөніндегі әрекеттерін үйлестіру үшін құрылған.
Серiктестер