2024 жылғы тендерлік жұмыстардан кейін «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ мен «Батуми теңіз порты» ЖШҚ жоспарланған сатып алулардың жалпы көлемінің 21%-ын құрайтын жиынтық көлемдегі үнемшілдікке қол жеткізді.
Бұл нәтижелерге сатып алу қызметін оңтайландыруға бағытталған тиімді кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілді, оның ішінде:
-
нарықтық бағаларды жүйелі талдау және тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету үшін неғұрлым бәсекеге қабілетті шарттарды таңдау;
-
тиімдірек баға ұсыныстарын алуға келісім жасау және қосымша жеңілдіктер алу мақсатында әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізу;
-
өндірушілер мен ресми дистрибьюторлардан тікелей сатып алуды жүзеге асыру.
«ҚазТрансОйл» АҚ Грузиядағы активтерінің сатып алу қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды қадам - заманауи электрондық сауда алаңын енгізу жобасын сәтті іске асыру болды. Жаңа цифрлық құрал Батуми мұнай терминалы мен Батуми теңіз порты өткізетін сатып алу жұмыстарындағы ашықтықты, процедураларды жеңілдетіп, шешім қабылдау процестерін жылдамдатты.