KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандарында оқушылар мен студенттерге арналған танымдық экскурсиялар өтті

 22.04.2025    30

«ҚазТрансОйл» АҚ елімізде жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жастар арасында мұнай-газ саласына қызығушылықты арттыру мақсатында бірқатар танымдық экскурсиялар ұйымдастырды.

«Павлодар» бас мұнай айдау станциясында «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары үшін ерекше экскурсия өтті. Іс-шара барысында оқушылар мұнайды тасымалдау технологиясымен танысып, сорғы станцияларын, мұнай айдау қондырғыларын, айдау кестесін және мұнай сақтайтын резервуарлар паркін аралады. Сонымен қатар, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өндірістік үдерістер туралы тың ақпараттарға қанықты.

«Бұл жер біз үшін өте маңызды. Себебі біздің сыныбымыздан көптеген балалар бұл мамандыққа түсуді армандайды және бұл біздің оқу бағдарламамызда өте тиісті мәлімет», – деді «Жас дарын» мектебінің оқушысы Дина Жомартова.

Ал сыныптасы Алдияр Төменбаев: «Осы экскурсия маған өте ұнады. Өйткені химия сабағында көптеген мұнай туралы сұрақтар және тапсырмалар келеді. Мүмкін болашақта осы экскурсия менің таңдауыма әсер етеді деп ойлаймын», – деп әсерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің студенттері үшін «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасында экскурсия ұйымдастырылды. Студенттер магистральды мұнай құбырлары нысандарында қолданылатын арнайы жабдықтармен, техникалармен, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік жүйелерімен танысты.

Экскурсия барысында олар мұнайдың авариялық төгілуін жою жабдығы (МАТЖЖ), бақылау-өлшеу аспаптары, зертханалық стендтер, жоғары вольтты жабдықпен сынау жүргізетін электротехникалық зертхана (ЭТЗ), күштік трансформаторлар мен электр жетектерін тексеруге арналған жабдықтармен жұмыс істеу принциптері туралы маңызды ақпарат алды.

Мұндай тәжірибелік іс-шаралар жастардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, болашақ кәсіби жолына нақты бағыт беріп, өндіріс талаптарымен ертерек танысуына мүмкіндік береді.

Реакция:
Серiктестер