«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткен «Үздік маман – 2025» кәсіби шеберлік байқауының қорытындысын шығарды. Компанияның корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылатын байқау 20 жылдан астам уақыт бойы үздік өндірістік мамандардың жетістіктерін атап өтуге мүмкіндік берді және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға ықпал етті.
Биыл финалға еліміздің түрлі өңірлерінен 75 маман қатысты. Олар сегіз негізгі номинация бойынша жоғары біліктілік деңгейін, жауапкершілікті және өз саласында үздік болуға деген талпынысты көрсете отырып, бақ сынасты.
Жарыс жүлдегерлері өз мамандығы бойынша үздіктер атанып қана қоймай, Қазақстан мен «ҚазТрансОйл» АҚ атынан халықаралық кәсіби шеберлік байқауында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Жеңімпаздарды «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Нұржан Күшжанов құттықтады:
— Бұл байқау — жай ғана жарыс емес, ол компанияның өз қызметкерлеріне деген құрметін және олардың кәсіби үлесін мойындайтын дәстүрге айналған. Жылдар өте келе бұл шара көптеген талантты мамандар үшін мансап жолындағы алғашқы баспалдақ болып, бүгінде олардың есімдері салада кеңінен танымал болуда.
Байқау жеңімпаздары сегіз номинация бойынша анықталды.
Үздік желілік құбыршы
1 орын: Алтынбек Мугиев, Атырау мұнай құбыры басқармасы
2 орын: Самат Нығыметов, Павлодар мұнай құбыры басқармасы
3 орын: Жасұлан Мамедниязов, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы
Үздік электргазбен дәнекерлеуші
1 орын: Андрей Махорин, Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы
2 орын: Жанат Ертасов, Жезқазған мұнай құбыры басқармасы
3 орын: Ержан Искаков, Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы
Үздік тауар операторы
1 орын: Шаяхмет Жеткізген, Атырау мұнай құбыры басқармасы
2 орын: Даурен Айсиев, Құлсары мұнай құбыры басқармасы
3 орын: Темірлан Құлмурзин Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы
Үздік химиялық талдау зертханашысы
1 орын: Мақсат Бегалиев, Жезқазған мұнай құбыры басқармасы
2 орын: Арайгүл Кемесай, Атырау мұнай құбыры басқармасы
3 орын: Әсел Ибраева, Павлодар мұнай құбыры басқармасы
Үздік технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі
1 орын: Асланбек Қалабай, Атырау мұнай құбыры басқармасы
2 орын: Нұрғазы Сейлханов, Павлодар мұнай құбыры басқармасы
3 орын: Амангелді Аймашев, Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы
Үздік бақылау-өлшеу құралдары және және автоматика слесарі
1 орын: Рахат Сарсек, Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы
2 орын: Айтөре Сапарбай, Шымкент мұнай құбыры басқармасы
3 орын: Виталий Стоякин, Қарағанды мұнай құбыры басқармасы
Үздік электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері
1 орын: Анатолий Хрипков, Атырау мұнай құбыры басқармасы
2 орын: Мейрамбек Идрисов, Павлодар мұнай құбыры басқармасы
3 орын: Асқарбек Оралбаев, Қарағанды мұнай құбыры басқармасы
Үздік мұнай айдау станциясының операторы
1 орын: Жандос Шакенбаев, Жезқазған мұнай құбыры басқармасы
2 орын: Нұрлыбек Істұрғанов, Атырау мұнай құбыры басқармасы
3 орын: Ерболат Бекмамбетов, Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы
Жеңімпаздарды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз!