«ҚазТрансОйл» АҚ компанияның орталық аппаратында жаңа басқарушы директорлар тағайындалғаны туралы хабарлайды.
Ибраимов Руслан Камбарұлы «ҚазТрансОйл» АҚ активтер жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды. Ол қаржы және өнеркәсіптік-индустриялық даму салаларында қазақстандық компанияларда мол тәжірибеге ие. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын банк секторында бастаған: «Сбербанк» АҚ мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да жұмыс істеген. Әр жылдары «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-да маңызды лауазымдарды атқарған. 2021–2024 жылдар аралығында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылдың сәуірінен қыркүйегіне дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ аппаратын басқарды, кейіннен «ҚазТрансОйл» АҚ-да бизнес-серіктес қызметіне кірісті.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, бұл оның кәсіби деңгейінің жоғары екенінің айқын дәлелі.
Александр Александрович Недзе «ҚазТрансОйл» АҚ-ның күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.
Тюмень мемлекеттік мұнай және газ университетін «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша аяқтаған.
«ҚазТрансОйл» АҚ құрылымында 2009 жылдан бері еңбек етеді және қызметтік сатының барлық кезеңінен өткен. Жезқазған мұнай құбыры басқармасында құрылысты бақылау жасау жөніндегі инженерден бастап, компанияның Шығыс филиалы күрделі құрылыс және күрделі жөндеу бөлімінің басшысы, күрделі құрылыс және күрделі жөндеу департаментінің бас менеджері, жобаларды басқару департаментінің құрылыс және жөндеу бөлімінің жетекші инженері лауазымдарын атқарған.
2024 жылдың сәуір айынан бастап, тағайындалғанға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ жобаларды басқару департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.