KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2012 жылғы қаңтар-наурыздағы өндірістік қызметінің қорытындылары

 17.04.2012    410
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесімен 2012 жылғы қаңтар – наурызда мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 13 млн. 505 мың тонна болды. 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 123 мың тонна немесе 1% артты (2011 жылғы қаңтар – наурызда мұнай тасымалдау көлемі 13 млн. 381 мың тонна болған-ды). «ҚазТрансОйл» АҚ МҚ жүйесі бойынша жүк айналымы 2012 жылғы 3 айда 8 млрд. 387 тонна км. болды. Былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 687 млн. тонна км. немесе 8% төмендеді (2011 жылғы қаңтар – наурызда жүк айналымы 9 млрд. 074млн. тонна болған-ды). 2012 жылғы қаңтар – наурызда жүк айналымының төмендеуі (2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда) Қазақстан Республикасының мұнай айыру зауыттарына ресейлік мұнайдың жеткізілу көлемінің кемуіне, сонымен қатар «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне Қазақстан Республикасының кейбір мұнай өндіруші компанияларының мұнай тапсыру көлемінің азаюына байланысты болды. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы Еділ суын жеткізумен де айналысады. 2012 жылғы қаңтар – наурыз айларында су жеткізу көлемі 5 млн. 377 мың текше метр құрады, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 408 мың текше метр немесе 8% артты. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер