«ҚазТрансОйл» АҚ Petrosafety, HSE & Environment – 2025 конференциясында маңызды HSE жобаларын таныстырды «ҚазТрансОйл» АҚ Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және төтенше жағдайлар департаментінің директоры Асқар Қабылов PETROCOUNCIL ұйымдастырған мұнай-газ саласындағы қауіпсіздікке арналған салалық конференция – PetroHSE-2025 іс-шарасына қатысты. Баяндамасында ол компанияның еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және орнықты даму саласындағы жүйелі тәсілдері жөнінде мәлімет берді.
Қауіпсіздік пен көшбасшылық — басты назарда
Компанияда қауіпсіздік мәдениеті мен көшбасшылық құзыреттерін дамытуға бағытталған негізгі ішкі құжаттар қабылданған.
Мердігер ұйымдармен тұрақты түрде кездесулер өткізіліп, түзету және алдын алу шаралары уақтылы жүзеге асырылады.Әрбір қызметкер мен мердігер өкілі «Қорғау» қауіпсіздік картасын толтырып, белсенділігі үшін ынталандырыла алады.
Энергия тиімділігі мен орнықты даму
2024 жылы компания энергияны бірлік көлемге шаққандағы тұтыну көрсеткішін 3,7 т.у.т./млн т-км деңгейіне дейін төмендетті, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 54%-ға аз.
Басты нәтижелердің қатарына мыналар кіреді:
– «Атырау – Самара» учаскесінде температуралық режимді оңтайландыру арқылы 10,2 млн м³ газ үнемделді;
– резервуарларға понтондар орнату нәтижесінде ластаушы заттар шығарындылары 6,9%-ға қысқарды;
– «Кенқияқ» бас мұнай айдау станциясындағы №14 торап жаңғыртылды;
– гибридті қондырғылар мен экологиялық ізді азайтуға басымдық бере отырып, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалар ілгерілетілуде.
Экология және инновациялар
Соңғы бес жылда «ҚазТрансОйл» АҚ атмосфераға зиянды заттар шығарындыларын 10 000 тоннаға дейін қысқартты.
2025–2030 жылдарға арналған жаңа жоспар шеңберінде шығарындыларды тағы 20%-ға төмендету көзделген.
2011 жылдан бастап тарихи ластанған 34,49 гектар жер рекультивацияланып, 207,3 мың м³ ластанған топырақ қалпына келтірілді.
Әлеуметтік-тұрмыстық және өндірістік жағдайларды жақсарту
Қызметкерлердің тұрмысын жақсарту мақсатында «Степной», «Қаражанбас» және «Шағыр» мұнай айдау станцияларында жаңа жатақханалар салынуда.
Сонымен қатар, «Ақтау» бас мұнай айдау станциясы, «Қаражанбас» және «Шымкент» мұнай айдау станцияларында өрт сөндіру деполарының құрылысына қатысты жобалар дайындалуда.
Қауіпсіздік саласындағы цифрлық шешімдер
Компания қауіпсіздік мәдениетін жетілдіруде заманауи технологияларды кеңінен қолдануда. Атап айтқанда, қызметкерлерді оқыту үшін VR-тренажёрлар пайдаланылады, ал көлік жүргізу кезінде зейіннің төмендеуін анықтайтын «Антисон» интеллектуалды жүйесі енгізілген. Сондай-ақ SAP жүйесімен біріктірілген, логистика мен пайдалануға арналған «Сапарларды басқару» цифрлық шешімі іске қосылған.
«ҚазТрансОйл» АҚ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология (HSE) саласындағы көшбасшылық ұстанымын нығайтып, үздік халықаралық тәжірибе мен инновациялық тәсілдерге сүйенуді жалғастыруда.
