KZTO 813,00 (+0,12)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 813,00 (+0,12)

Батуми теңіз порты ISO халықаралық стандарттар сәйкестігін растады

 08.07.2025    30

Батуми теңіз порты өзінің интеграцияланған менеджмент жүйесінің халықаралық ISO стандарттарына сәйкестігін растады. Бұл туралы 2025 жылғы 25–26 маусым аралығында United Registrar of Systems Ltd (Ұлыбритания) халықаралық сертификаттау органы жүргізген қайта сертификаттау аудитінің нәтижелері бойынша белгілі болды.

Аудит барсында Батуми портының келесі халықаралық стандарттарға толықтай сәйкес келетіні расталды:

  • ISO 9001:2015 — Сапа менеджменті жүйесі
  • ISO 14001:2015 — Экологиялық менеджмент жүйесі
  • ISO 45001:2018 —Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік менеджменті жүйесі

Аудит қорытындысы бойынша менеджмент жүйелерін енгізу және олардың тиімді жұмыс істеу деңгейіне, қызметкерлердің кәсібилігіне, бизнес-процестердің тұрақтылығына, сондай-ақ компанияның тұрақты даму қағидаттарын ұстануына жоғары баға берілді.

«Халықаралық қайта сертификаттау аудитінен сәтті өту – порт үшін маңызды жетістік. Бұл оның халықаралық стандарттарға сай тұрақты қызмет етіп жатқанын және сапа, экология мен еңбек қауіпсіздігі бағытындағы үдерістерді үнемі жетілдіруге ұмтылатынын дәлелдейді», – деді Батуми теңіз портының бас директоры Ұлан Тлеуғали.

Аудит нәтижелері кәсіпорынның ашықтықты қамтамасыз ету, тұрақты даму және жаһандық теңіз индустриясының заманауи талаптарына сай болу жөніндегі стратегиялық бағытын растайды.

Реакция:
Серiктестер