«ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері Қытай Халық Республикасының Алашанькоу қаласында өткен магистральдық мұнай құбырының герметикалығы бұзылған шар кранын ауыстыру бойынша апатқа қарсы оқу-жаттығуға бақылаушы ретінде қатысты.
Шараны Қытайдағы «Атасу–Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырының операторы Sino-Pipeline International Xinjiang (SPIX) ұйымдастырды.
мұнай ағып жатқан ақаулы құбыр бөлігін кесіп алу, магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігіне катушка орнату, өртті сөндіру және шартты зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсету болды.
Іс-шараға «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС қызметкерлері, SPIX компаниясының басшылығы, полиция және мемлекеттік өрт сөндіру қызметі өкілдері, Алашанькоу қаласының жергілікті ауруханасы мен әкімшілігі қатысты. Жалпы, оқу-жаттығуға Дүшанцзин мұнай және газ тасымалы филиалының авариялық бригадасын қоса алғанда 50-ден астам адам тартылды.
Жаттығу барысында қатысушылар өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге дайын екенін көрсетті.
Мұндай халықаралық жаттығулар мұнай тасымалдау секторында өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға, серіктестер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді.