KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2012 жылдың 6 айы аралғындағы өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің қорытындысы

 07.09.2012    431
«ҚазТрансОйл» АҚ бірінші жарты жылдықтағы жоспармен салыстырғанда тасымалданған мұнай көлемін 1%-ға арттырды (нақты мәліметтерге сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша тасымалданған шоғырландырылған мұнай мөлшері 2012 жылғы қаңтар-маусым аралығында 32 млн. 190 мың тоннаны құрады). «ҚазТрансОйл» АҚ Астрахань-Маңғышлақ су құбыры арқылы Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарына Еділ суын жеткізеді. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында жеткізілген су көлемі 11 млн. 058 мың текше метрді құрап, 2011 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 811 мың текше метрге немесе 8%-ға артқан. 2012 жылдың жарты жылдығындағы шоғырландырылған табыс 68 млрд. 78 млн. теңгені құрап, бұл жоспардан 1%-ға жоғары. 2012 жылғы бірінші жартыжылдық аралығындағы, аудиторлық шолудан өткен шоғырландырылған қаржы есебінде көрсетілген 2012 жылдың есепті кезеңіндегі қорытынды табыс 16,9 млрд. теңгені құрап, бұл жоспарланған көрсеткіштен 32%-ға жоғары болып табылады.
Көрсетіштің аталуы2012 жылдың 6 айына жоспарланған көрсеткіш2012 жылдың 6 айында алынңан нақты көрсеткішНақты көрсеткіштің жоспардан ауытқу көлемі
%абс. мәні
Тасымалданған мұнай көлемі, мың тонна31 79832 190101%392
Жеткізілген су көлемі, мың текше метр10 24711 058108%811
Табыс көлемі, млн. теңге67 18268 078101%896
Қорытынды табыс, млн. теңге12 84916 900132%4 051
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы. Меншігінде 8 мың шақырымға жуық ұзақтыққа созылған магистралды мұнай және су құбырларының єртараптандырылған желісі бар Қазақтан Республикасындағы ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы. Компания елімізде өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 59%-н экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер