KZTO 900,00 (+2,39)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 900,00 (+2,39)

«ҚазТрансОйл» АҚ еңбек қауіпсіздігі мәдениетін нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда

 12.12.2025    31

«ҚазТрансОйл» АҚ-да орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелері, жекеленген құрылымдық бөлімшелер, еншілес және бірлескен бақылаудағы  ұйымдар басшыларының қатысуымен денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ай сайынғы кеңес өтті.

Қатысушыларға ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 2024-2025 жылдардағы тексеру нәтижелеріне талдау ұсынылды. Сондай-ақ, отырыс барысында қазіргі уақытта өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша компания басшылығы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және қоршаған орта саласындағы талаптарды қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Алдағы мереке күндеріне байланысты қауіпсіз және апатсыз жұмысты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.


Реакция:
Серiктестер