KZTO 900,00 (+2,39)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 900,00 (+2,39)

Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы жастар форумы өз жұмысын аяқтады

 12.12.2025    27

Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жұмысшы мамандары мен инженерлік-техникалық қызметкерлерінің Жастар форумы өз жұмысын аяқтады. Бұл форум Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткізілді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов қатысушыларға «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасеновтың құттықтау сөзін жеткізді. Өз сөзінде ол жастардың рөлінің артып келе жатқанын атап өтіп, өндірістік процестерді жаңғыртудың және жаңа технологияларды енгізудің қозғаушы күші бүгінде жас мамандар екенін айтты.

Екі күн бойы қатысушылар компания дамуының негізгі бағыттарын, өндірістік процестерді жаңғыртудағы жастардың рөлін, сондай-ақ кәсіби өсуге және кадрлық әлеуетті нығайтуға арналған жаңа тәсілдерді талқылады.

Іскерлік бағдарлама аясында өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Н. Құшжанов, ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директор М. Әмірхан, тасымалдау департаментінің директоры И. Акубаев, пайдалану департаментінің директоры М. Төлегенов, адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Е. Төлегенов және корпоративтік даму басқармасының бастығы А. Нұрсипатов компанияның ағымдағы қызметі, стратегиялық міндеттері туралы ақпарат ұсынып, цифрландыру, кадрлық және әлеуметтік саясатты дамыту сұрақтарына жауап берді. Батыс, шығыс өңірлері және орталық аппарат жас мамандар кеңесінің төрағалары іске асырылып жатқан бастамалар мен алдағы жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

Жастар форумы тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар орнату және жас мамандарды компанияның стратегиялық міндеттерін шешуге атсалысу алаңына айналды. «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы қатысушыларға белсенділіктері, бастамашылдықтары және саланың дамуына үлес қосуға деген ұмтылыстары үшін алғыс білдірді.

Серiктестер