KZTO 900,00 (+2,39)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 900,00 (+2,39)

Грузияда серіктестермен кездесулер өткізіліп, уағдаластықтарға қол жеткізілді

 12.12.2025    24

Тбилиси қаласында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Арман Қасенов Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен жұмыс кездесуіне қатысып, «Грузия  темір жолдары» АҚ бас директоры Лаша Абашидземен келіссөздер жүргізді.

Кездесулер барысында көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ стратегиялық әріптестікті дамыту перспективалары талқыланды. Тараптар транзиттік бағыттардың жай-күйі мен оларды одан әрі дамыту, инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді үйлестіру және бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және әріптестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.

Серiктестер