Өз міндеттемелерін орындау шеңберінде 2025 жылғы 1 желтоқсанда «Магистральды Су құбыры» ЖШС («ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ұсынған қарыз қаражатын яғни жалпы сомасы 4,3 млрд теңгені жоспар бойынша өтеуді жүзеге асырды.
Қаражат «Астрахань-Маңғышлақ» магистралдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту, 1-кезек» ауқымды инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде тартылды.
«Астрахан-Маңғышлақ» магистральдық су құбыры стратегиялық маңызды нысан, Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының, сондай-ақ Жаңаөзен қаласының және Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының тұтынушылары үшін сумен жабдықтаудың жалғыз орталықтандырылған көзі болып табылады.
2025 жылы «Магистральды Су құбыры» ЖШС жалпы сомасы 14,7 млрд теңгеге барлық қарыз қаражаты бойынша жоспарлы өтеуді жүзеге асырды.