KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорларына «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде ұсынылатын «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 38 463 559 қарапайым акцияларын орналастыруға бай

 06.11.2012    251
Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорларына «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде ұсынылатын «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 38 463 559 қарапайым акцияларын орналастыруға байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығының осы акцияларды сатып алғысы келетін инвесторлармен кездесу топтамасын ашуы туралы Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын орналастыруға орай 2012 жылдың 06 қарашасында Астана қаласында компания роуд-шоуының ашылуы өтті. Осы рәсім шеңберінде министрліктер, ірі мемлекеттік және жеке компаниялар қызметкерлеріне арнап «ҚазТрансОйл» АҚ-ның кеңейтілген таныстырылымы, сондай-ақ, баспасөз ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәжілісі болды. Іс-шараға «ҚазТрансОйл» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылары мен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетов мырза қатысты. Таныстырылым кезінде «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын сатып алғысы келетін инвесторлардың кең тобына компания туралы толық ақпарат, оның ішінде акцияларды шығару өлшемдері, компанияның дивидендтік саясаты мен қаржылық жағдайы туралы мәліметтер берілді. Сонымен бірге, роудшоуға қатысушылар «ҚазТрансОйл» АҚ-ның даму келешегі туралы ой бөлісіп, бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде орналастырылатын компания акцияларын сатып алу туралы өтініштерді беру рәсімімен тыңдаушыларды таныстырды. «ҚазТрансОйл» АҚ роудшоуы ары қарай республикамыздың басқа аймақтарында, оның ішінде Алматы, Қарағанды, Өскемен, Ақтау, Көкшетау, Семей, Павлодар, Орал, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе, Шымкент, Петропавл қалаларында жалғасатын болады. Акцияларға жазылу 06 қарашасынан 05 желтоқсан күнін қоса санағанға дейін созылатын болады. Акцияларға жазылу рәсімі «Акцияларға жазылу ережелеріне» сәйкес өткізіледі. Бұл ереже «Қазақстан Қор биржасының» Биржалық кеңесінің шешімімен бекітіліп, «Бағалы қағаздардың орталық депозитариі» АҚ мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетімен келісілген. Акцияларға жазылу туралы барлық сауалдарыңыз жөнінде өзіңіз таңдаған брокерімен кеңескен жөн. «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу туралы ақпаратты 8 800 080 5070 жедел желі телефоны арқылы білуге болады (ҚР бойынша қоңырау шалу тегін). Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығына алғашқы рет орналастырылуы кезінде «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциясының бір данасы 725 теңге тұрады. «ҚазТрансОйл» АҚ туралы толық ақпарат Инвестициялық меморандумда берілген. Осы меморандум «Қазақстан Қор биржасы» АҚ-ның www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kztof7_2012.pdf мекен-жайындағы ресми сайтында сондай-ақ, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның http://www.kaztransoil.kz/ru/akcioneram_i_investoram/informaciia_dlia_akcionera_i_investora/svedeniia_o_cennih_bumagah/ мекен-жайындағы ресми веб-сайтында орналастырылған. ____________________________________________________________________________ «ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы. Меншігінде 8 мың шақырымға жуық ұзақтыққа созылған магистралды мұнай және су құбырларының әртараптандырылған желісі бар Қазақстан Республикасындағы ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы. «ҚазТрансОйл» АҚ елімізде өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 59%-н экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды. АҚШ, Австралия, Еуропалық экономикалық аймақ, Канада, Ресей Федерациясы немесе Жапония аумақтарында ашық немесе жасырын түрде көпшілік арасында таратуға немесе жариялауға арналмаған. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Баспасөз қызметі, 2012 жылдың 06 қарашасы, Астана қ. Тел.: +7 (7172) 555 135
Реакция:
Серiктестер