KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 14.12.2012    304
Кеше 2012 жылдың 13 желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорларына «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде ұсынылған «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 38 463 559 қарапайым акцияларын сатып алу туралы брокерлер атынан биржа жүйесіне түскен Өтініштер тізілімін «Қазақстан Қор биржасы» АҚ-нан алды. Бүгін, 2012 жылдың 14 желтоқсанында «Қазақстан Қор биржасы» АҚ Қайталанған өтініштер бойынша есептемені (түрлі уақытта бір брокер арқылы немесе бірнеше брокерлер арқылы бір тұлғаның берген өтініштері) «ҚазТрансОйл» АҚ-на тапсырады деп күтілуде. Қайталанған өтініштер бойынша есептемеде көрсетілген мәліметтерді ескермейтін болсақ, қабылданған өтініштердің жалпы саны 34 687 құрап отыр, атап айтқанда, жеке тұлғалардан (жеке инвесторлардан) 34 676 өтініш, маркет-мейкерден 1 өтініш, жинақтаушы зейнетақы қорларынан (ЖЗҚ) 10 өтініш түсті. Қабылданған өтініштерден түскен жалпы сома 59 408 943 975 теңгені құрап отыр, атап айтқанда, жеке инвесторлардың өтініштері 22 115 645 050 теңге, маркет-мейкердің өтініші 156 999 475 теңге, ЖЗҚ өтініштері 37 136 299 450 теңге сомасын құрады. Осылайша сұраныс көлемі орналастырылым көлемінен 2,1 есеге асып түсті. 2012 жылдың 19 желтоқсанына дейінгі аралықта «ҚазТрансОйл» АҚ орналастырылатын акцияларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 31 қазанындағы №1376 қаулысында бекітілген Акцияларды үлестіру ережесіне сәйкес үлестіретін болады. 2012 жылдың 19 желтоқсанында Қанағаттандырылған өтініштердің тізілімі «Қазақстан Қор биржасы» АҚ-на тапсырылатын болады. 2012 жылдың 20 желтоқсанынан бастап 24 желтоқсанына дейінгі аралықта есеп айырысу өткізілетін болады. 2012 жылдың 24 желтоқсанында есеп айырысу аяқталғаннан кейін, маркет-мейкерлер, жеке инвесторлар мен ЖЗҚ-ның брокерлік шоттарынан тиісті соманы шығарып тастау арқылы сатып алынған акциялар шотқа аударылатын болады. 2012 жылдың 25 желтоқсанында«ҚазТрансОйл» АҚ акцияларының Қазақстан Қор биржасында саудалануы басталады. «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ акциялар қоржынын ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына шығару кезінде компанияның кеңесшілері ретінде келесі компаниялар қатысты: «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ, UBS AG халықаралық инвестициялық банкі және «Прайсуотерхаус Куперс Такс энд Эдвайзори» ЖШС - қаржылық консалтинг мәселелері бойынша; халықаралық заңгерлік компаниялар «White&Case Kazakhstan» ЖШС және «Curtis Mallet-Prevost (Kazakhstan)» ЖШС - құқықтық сүйемелдеу және құқықтық сараптама мәселелері бойынша; Promo Group Communications консалтинг агенттігі - ақпараттық және PR сүйемелдеу мәселелері бойынша. «ҚазТрансОйл» АҚ аудиторы «Эрнст энд Янг Қазақстан» ЖШС болып табылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы. Меншігінде 8 мың шақырымға жуық ұзақтыққа созылған магистралды мұнай және су құбырларының әртараптандырылған желісі бар Қазақстан Республикасындағы ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы. «ҚазТрансОйл» АҚ елімізде өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 59%-н экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды. АҚШ, Австралия, Еуропалық экономикалық аймақ, Канада, Ресей Федерациясы немесе Жапония аумақтарында тікелей немесе жанама түрде көпшілік арасында таратуға немесе жариялауға арналмаған. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Баспасөз қызметі Тел.: +7 (7172) 555 135
Реакция:
Серiктестер