KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Жеке инвесторлар үшін түсініктеме

 04.01.2013    571
Құрметті инвесторлар! 2012 жылдың 25 желтоқсанынан бастап ( Қазақстан қор биржасында «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акцияларының қайталама нарықтағы саудалануы ашылғаннан кейін), «ҚазТрансОйл» АҚ-ға жеке инвесторлардың Халықтық IPO бағдарлама шеңберіндегі «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акцияларын сатып алу бұйрықтарының орындалу мәртебесі туралы сұрақтар түсе бастады. Қорытынды сұрақтар тұжырымы: «Мен «ҚазТрансОйл» Ақ-ның акцияларын сатып алуға өтінішімді тапсырдым. Қанша акцияларым бар екенін қай жерден және қалай білуге болады?» Соған байланысты, «ҚазТрансОйл» келесіні хабарлайды:
  1. Инвесторлар бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында делдал арқылы бағалы қағаздарды сатып алады. Делдал және оның клиенттерінің арасындағы қарым-қатынастар («Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 63-бабы, 3-бөліміне сай) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгiленген тапсырма немесе комиссия шартының нормалары қолданылатын брокерлiк қызмет көрсету туралы шарт негiзiнде туындайды.
  2. Тапсырма шарты бойынша (Қазақстан Республикасының Азаматық кодексі, 846-бап), бiр тарап (сенім бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенім бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенім бiлдiрушiде пайда болады.
  3. Сенім білдірілген өкіл (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 848-бап) келесіні жасауға міндетті:
    • өзiне берiлген тапсырманы өзi орындауға;
    • сенім бiлдiрушiге оның талап етуi бойынша тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәлiметтердi хабарлауға;
    • сенім бiлдiрушiге жасалған мәмiле бойынша алынғандардың бәрiн дереу берiп отыруға.
Делдалдың белгісі қойылған клиенттік бұйрықтар және мәміленің жасалуы туралы делдалдың хабарламасы мәміленің аяқталыуна дейін клиенттің негізгі құжаттары болып саналады. Акцияларды сатып алу мәміленің жүзеге асырылуынан кейін, делдал жеке ивестордың сатып алынған акциялар санының мөлшері туралы Орталық депозитарийдағы шоттың көшірмесін және бағалы қағаздардың алынуы туралы биржа куәлігінің көшірмесін өз клиентіне жіберуге міндетті. Сондықтан, Халықтық IPO бағдарлама шеңберіндегі «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акцияларын сатып алуға брокерлік компаниялар арқылы өтініштерін жіберген жеке инвесторлар өздерінің өтініштерінің орындалу мәртебесі туралы мәлімдемені брокерлік қызметімен пайдаланған брокерлік компаниялардан алуға тиіс.
Реакция:
Серiктестер