KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акцияларының 2013 жылдың 1 ақпаннан бастап KASE индексін есептейтін өкілетті тізіміне қосылуы туралы

 12.01.2013    330
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан қор биржасының (KASE) индекстер және бағалы қағаздар нарығын бағалау Комитетінің шешімімен, яғни 2013 жылдың 1 ақпанынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акцияларының (KASE ресми тізімі, бірінші дәреже, сауда коды - KZTO) KASE индексін есептейтін өкілетті тізіміне қосылуы туралы хабарлайды. Көрсетілген акцияларын өкілетті тізіміне қосылуы барысында, Комитеттің мүшелері «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын қазіргі уақытта ғана емес, сонымен қоса орта мерзімді перспективада KASE-дегі аса өтімді екендігін келесі фактілер бойынша санайды: - Халықтық IPO бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ KASE сауда жүйесі арқылы жазылыс әдісімен 27,9 млрд. теңге сомасына тең 38 463 559 қарапайым акцияларын орналастырды. Акцияларды орналастыруда қордың 32 мүшелері қатысты. Олар арқылы Қазақстанның 10 зейнетақы қорлары және 33 989 қазақстандықтар – жеке тұлғалардың өтініштері қанағаттандырылды; - «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялары KASE-нің қайталама нарығында 11 саудалық күндер бойы өтімділік рейтигінде бірінші орында тұрды. Олар өтімділік деңгейі бойынша KASE индексінің өтімді тізіміндегі жалпы жеті акцияларынан едәуір асып түседі. 2012 жылдың 05 қараша айынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялары KASE-нің ресми тізіміне бірінші санат бойынша енгізілді. Сауда-саттық 2012 жылдың 25 желтоқсанынан бастап ашылды. 2012 жылдың 5 желтоқсанынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (KASE) 2012 жылы желтоқсан айы – 2013 жылы қаңтар айына құрылған бірінші санаттағы акциялар өтімділік тізіміне қосылды.
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы. Меншігінде 8 мың шақырымға жуық ұзақтыққа созылған магистралды мұнай және су құбырларының әртараптандырылған желісі бар Қазақстан Республикасындағы ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы. «ҚазТрансОйл» АҚ елімізде өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 59%-н экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі Тел.: +7 (7172) 555 135
Реакция:
Серiктестер