KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылғы бірінші тоқсандағы қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметі бойынша қорытындысын хабарлайды

 15.04.2013    397
«ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылдың бірінші тоқсандағы қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметі бойынша алдын-ала қорытындысы туралы жұртшылыққа айтып білдіреді. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай тасымалдау көлемі 13 млн. 509 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелеріне сәйкес келеді. Сонымен бірге шоғырландырылған мұнай тасымалдау мен аударудың көлемі 16 млн. 947 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың бірінші тоқсанының ұқсас нәтижесінен 2% жоғары. Мұнайдың жүк айналымы бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 9 млрд. 173 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2012 жылдың І тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 9% жоғары. Шоғырландырылған жүк айналымы 11 млрд. 283 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2012 жылдың бірінші тоқсанының ұқсас көрсеткішінен 11% жоғары. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 5 млн. 122 мың текше метр болды, бұл 2012 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 5% төмен. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2013 жылдың І тоқсанның кіріс көлемі 41 млрд. 536 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 12% және 2012 жылдың бірінші тоқсанының көрсеткішінен 45% жоғары. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2013 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 16 млрд. 772 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 55% және 2012 жылдың І тоқсанының көрсеткішінен 124% жоғары. 2013 жылдың бірінші тоқсандағы шоғырландырылған қаржы көрсеткіштері заңнамамен орнатылған мерзімінде жарияланады. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірстік қызметтің жоғары стандарттарын сақтауға және өзінің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін бар күшін салуға әрі қарай ниеттенеді. «ҚазТрансОйл» АҚ қаржы есептілігімен корпоративтік сайтымызда мына меке-жай боынша танысуға болады: Қаржылық ақпарат (жылдық және аралық қаржы есебі). Осы жылдың мамыр айында «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетін болады. Соның барысында 2012 жылдың қортындысы бойынша дивидендтерді төлеу шешімі қабылданады. «ҚазТрансОйл» АҚ Дивидендтік саясатына сәйкес дивидендтерді төлеу коэффициенті шоғырландырылған таза пайданың 40% тең, ал ол 2012 жылдың қорытындысы бойынша 33,5 млрд. теңгеге жетті. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер