KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ өз акционерлердің мүдделерін қозғайтын Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдері туралы хабарлайды

 24.04.2013    547
2013 жылы 17 сәуірде «ҚазТрансОйл» АҚ Директолар кеңесінің отырысы өтті. Соның барысында акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру шешімі қабылданып, «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелері бойынша Директорлар кеңесінің ұсыныстары бекітілді. Директорлар кеңесі Компания акционерлердің жылдық жалпы жиналысын 2013 жылы 28 мамыр айында өткізуі туралы шешім қабылдады. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізілімі 2013 жылғы 14 мамыр айының 00.00 сағаттағы жағдай бойынша жасалады. Директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысының келесі күн тәртібін бекітті: - 2012 жылғы «ҚазтрансОйл» АҚ-ның жылдық қаржылық есептілігін және шоғырландырылған жылдық қаржы есептілігін бекіту; - 2012 жылғы «ҚазтрансОйл«АҚ-ның таза пайдасын бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу мен «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту; - 2012 жылғы «ҚазТарнсОйл» АҚ-ның жылдық есебін бекіту; - «ҚазТрансОйл» АҚ Директолар кеңесінің 2012 жылғы жасаған жұмыстың жылдық есептілігін бекіту; - 2012 жылғы Қоғам мен оның лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің үндеулерін қарау және сол қараудың қорытындысы туралы; - «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңес мүшесінің уәкілдігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; - «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңес мүшесінің тағайындау туралы. Директорлар кеңесі соның ішінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысты ұсыныстарын жасап шығарды: - 28 847 669 925 теңге немесе шоғырландырылған таза пайданың 86% дивидендтерді төлеуге жіберу; - Бір жай акциясына 75 теңге мөлшеріндегі дивидендтерді төлеу. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда, 2012 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу 2013 жылдың 13 маусымдағы 00-сағаттағы жағдай бойынша акционерлердің тізілімі негізінде жүргізілетін болады және 2013 жылдың 4 шілдесінде басталады. «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілуі туралы мәлімдеме Қоғамның корпоративтік сайтында және KASE сайтында орналастырылды. «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Қоғамның корпоративтік сайтында орналастырылды. (http://kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akcioner_men_investor_ushn_akparat/akcionerler_ushin_zharnama_zhene_akparat/) «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер