KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы

 29.05.2013    420
2013 жылдың 28 мамырында «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті. Акционерлердің қарастыруына бірқатар мәселелер, атап айтқанда, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2012 жылдағы шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2012 жылдағы таза кірісін үлестіру тәртібін бекіту, қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімді қабылдау, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бір қарапайым акциясына шаққандағы дивидендтің 2012 жылдағы мөлшерін бекіту және т.б. мәселелер шығарылды. Акционерлер жалпы жиналысының шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2012 жылдағы шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді. Оған сәйкес компанияның негізгі қызметінен алынған шоғырландырылған кіріс 2011 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артып, 143 млрд 061 млн теңгені құрады, ал шоғырландырылған таза пайда 33,5 млрд теңгені құрап, 2011 жылдағы нәтижеге қарағанда 29,1%-ға артты. Сонымен қатар, «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері 2012 жылдағы таза кірісті үлестіру тәртібін бекітіп, қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы және компанияның бір қарапайым акциясына шаққандағы дивидендтің 2012 жылдағы мөлшерін бекіту туралы шешімді қабылдады. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бір қарапайым акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 75 теңгені және/немесе орналастырылған акция бағасының 10,3%-н құрайды. Дивидендтердің 2012 жылдағы жалпы сомасы 28 847 669 925 теңгені құрады немесе компанияның 2012 жылдағы шоғырландырылған таза пайда мөлшерінің 86%-н құрады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылдың 13 маусымында 00 сағат 00 минут уақытындағы жағдай бойынша белгіленетін болады, ал дивидендтерді төлеу 2013 жылдың 04 шілдесінен басталады. Сондай-ақ, акционерлердің жиналысы 2013 жылдың 20 наурызынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі А.А. Дарбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы және компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі Қ. Б. Жылқышиевті жалпы «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттілік мерзімі аяқталғанша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілі ретінде сайлау туралы шешімдерді қабылдады.
«ҚазТрансОйл» АҚ — Қазақстан Республикасының магистральды мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы, меншігінде 7,6 мың шақырымға жуық ұзақтыққа созылған магистралды мұнай және су құбырларының әртараптандырылған желісі бар Қазақстан Республикасындағы ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы. «ҚазТрансОйл» АҚ елімізде өндірілетін жалпы мұнай көлемінің 59%-н экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қарапайым акциялары Қазақстан Қор биржасының листинг рәсімінен өтті. Халықтық IPO нәтижелері бойынша 2012 жылдың қараша-желтоқсанында Қазақстан Республикасының 33 989 азаматы мен 10 жинақтаушы зейнетақы қоры «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері атанды.

Байланыс мәліметі

«ҚазТрансОйл» АҚ Инвесторлармен байланыс қызметінің жетекшісі (+7 7172 555 049) Масалин Алмаз Маратұлы Топтық хатшысы (+7 7172 555 034) Майкенов Арман Саткенұлы Баспасөз қызметінің жетекшісі (+7 7172 555 135) Самақова Раиса Байғазықызы Төлем агенті («Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ның атаулы иелігінде орналасқан акцияларға ғана үшін) «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., «Самал-1» ш.а., 28 Байланыс телефондары: +7 (727) 262 03 09, 262 04 02, 262 06 22, 262 11 01, 262 12 23, 262 1404
Реакция:
Серiктестер