KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Акционерлерге үндеу

 05.08.2013    310
Құрметті акционерлер! Делдалық компаниялардың көбі өз клиенттеріне қазіргі заман ақпараттық технологияларды пайдалануға, сонымен қатар, Интернет арқылы сауда платформаларын пайдалану арқылы бағалы қағаздармен операцияларды жузеге асыруға мүмкіндік береді. Сауда платформасы Сізге мына мүмкіндіктер береді: – сіздің делдалдық шотыңыздағы ақшалай қаражат пен бағалы қағаздардың қозғалысын бақылау; – белгілі мерзімдегі шоттың жай-күйі туралы үзінді көшірмені қарау; – барлық жасалған мәмілелердің актуальді жағдайларын көру; – Шоттағы қалдықтың өзгерісі болған жағдайдағы хабарламаны алу (дивидендтер түскенде немесе бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы, мәміле жөніндегі комиссияны ұстап қалу); – Қазақстан қор биржасында айналып жатқан облигациялар мен акциялардың ағымдағы бағалары туралы ақпаратты білу; – ең маңыздысы, сауда платформасын қолданған жағдайда, сауда бұйрықтардың қағаз жүзіндегі түпнұсқасына қол қойып делдалға тапсыруға қажеттелігі жоқ. Сауда бұйрықтарына электронды сандық қолы арқылы қол қоюға болады. Сауда платформасымен пайдалану үшін не керек:
  1. Компьютердің болуы және ғаламторға қосылу мүмкіндік.
  2. ЭСҚ алу. ЭСҚ-н Қазақстанның әр қаласында ХҚКО арқылы тегін алуға болады. ЭСҚ сізге басқаға да керек болады: анықтама және басқа мемлекеттік қызметтердіалуға.
  3. Сауда платформасын өз компьютеріңізге орнату. Орнату нұсқауын делдалдық компанияның сайтынан табуға болады. Бағдарламаларды орнату немесе ЭСҚ тіркеубарысында қиындықтар туындаса, делдалық компанияның IT-маманынан көмек сұрай аласыз.
Сауда платформаларын пайдалануы келесіне мүмкіндік береді: – уақытты үнемдеуге – Сіз делдалдаға телефон соғуға, бұйрық бланктарын іздеуге, пошта арқылы жіберуге міндетті емессіз, – мәмілеледі өз уақытында жүзеге асыруға – Сіздің бұйрығыңыз делдалмен бірнеше минут ішінде қабылданады, – комиссия жөнідегі шығындарды азайтуға – сауда платформа арқылы делдалдың комиссиясы қағаз жүзінде берілген бұйрықтарға қарағанда төмендеу. Сіз пошта арқылы жіберуін төлемейсіз және басқа үстеме шығындарға батпайсыз. Толық ақпараттты алу үшін өзіңіздің келісім жасағанделдалдық компанияыңызға жолығуыңызды сұраймыз. Инвесторлармен баланыс қызметі «ҚазТрансОйл» АҚ
Реакция:
Серiктестер