KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылғы бірінші жарты жылдығына қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметі бойынша қорытындысын хабарлайды

 19.08.2013    278
«ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылдың бірінші жарты жылдығына қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметі бойынша алдын-ала қорытындысы туралы жұртшылыққа айтып білдіреді. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және айдаудың көлемі 26 млн. 198 мың тоннаны құрады, бұл бірінші жарты жылдықтағы жоспармен 2%-ға жоғары және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 1% төмен. Сонымен қоса шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 32 млн. 681 мың тоннаны құрады, жоспарлы межеден 3% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас нәтижесінен 2% жоғары. Мұнайдың айналымы бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 18 млрд. 334 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 12% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 10% жоғары. Ал шоғырландырылған айналымы 22 млрд. 510 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 10% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 11% жоғары. Есеп беру кезеңі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 11 млн. 237 мың текше метр болды, бұл жоспарлы межеден 9% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 2% жоғары. 2013 жылдың бірінші жарты жылдықтағы негізгі қызметтен түскен бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша кіріс көлемі 82 млрд. 375 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 10% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы көрсеткішінен 44% жоғары. 2013 жылдың бірінші жарты қорытындысы бойынша бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша таза пайдасы 33 млрд. 757 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 61% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде қалыптасқан көрсеткішінен 152% жоғары. 2013 жылдың бірінші жарты қорытындысы бойынша шоғырландырылған түсім 92 млрд.864 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 10,9% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 39,9% жоғары. 2013 жылдың бірінші жарты қорытындысы бойынша шоғырландырылған таза пайда 40 млрд.437 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 59,7% және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 139% жоғары. «ҚазТрансОйл» АҚ қаржы есебімен корпоративтік сайттан келесідей адрес бойынша танысуға болады: http://kaztransoil.kz/ru/akcioneram_i_investoram/raskritie_informacii/finansovaia_informaciia_godovie_i_promezhutochnie_finansovie_otcheti/ «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер