KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Батуми теңіз порты арқылы құрғақ жүктердің жүк айналымы тамызда рекордтық деңгейге жетті – 220 000 тонна

 05.09.2013    367
Батуми теңіз порты 2008 жылдың ақпанынан бастап Батуми мұнай терминалының иегері болып табылатын «ҚазТрансОйл» АҚ-пен бақыланып отыр. Батуми мұнай терминалы өз кезекте БТТ-ны бақылаудың эксклюзивтік құқығына ие. Шетел активтерін дамыту шегінде «ҚазТрансОйл» АҚ-пен 2012 жылы бас жүкті 2,5 млн тонна/жылына ауыстырып тиеу үшін Батуми теңіз портының өткізу қабілетін ұлғайту бойынша жобаны іске асыру басталды. Жоба құрамына БМТ мен БТП кіретін Batumi Industrial Holdings Limited компаниялар тобының өздік қаражаттарынан қаржыландырады және де 2014 жылы аяқталатын болады. 2013 жылдан бастап БТП-да порт жұмысының нәтижелілігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық құрылымның оңтайландыруы өтті. Нәтижесінде тамызда Батуми теңіз порты арқылы құрғақ жүктердің жүк айналымы рекордтық деңгейге жетті – 220 000 тонна. Батуми теңіз порты арқылы құрғақ жүктердің жүк айналымы көрсеткіші 8 айдың ішінде 1 195 160 тонна құрады, жоспарланған көлем 1 141 000 еді (орындалуы – 104,7%). «ҚазТрансОйл» АҚ-тың БМТ мен БТП иемденудің басты мақсаты қазақстандық мұнайдың экспорттық маршруттардың әртараптандырылуы мен қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықтарға жеткізілуін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстандық мұнай кен орындарының басты мұнай тұтыну нарықтарынан алшақтығын ескере отырып, бұл мәміле Қазақстан Республикамыздың көліктік потенциалын дамыту үшін маңызы зор, өйткені Дүниежүзілік мұхитқа шығатын Қара теңіздегі осы шетелдік активтер стратегиялық және геополитикалық жағынан маңызды орналасқан. Батуми теңіз порты Қара теңіздің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Порттың территориясы 22,2 га құрайды. Жағалаулар саны - 11. Ашық қойма территорияларының жалпы ауданы - 16 412 т.м. Портта мұнай, контейнерлік және жүк пен жолаушы терминалдары, паромдарға қызмет ететін жағалаудағы кешен, құрғақ жүктерді өңдеуге арналған жүк терминалы орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер