KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылдың 9 айындағы өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің қорытындылары туралы хабарлайды

 17.10.2013    260
Нақты деректерге қарағанда, жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2013 жылдың 9 айында мұнай тасымалдау көлемі 39 млн. 598 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңінің нәтижесіндей. Мұнайдың жүк айналымы 27 млрд. 896 млн. тонна-километрді құрайды, бұл 2012 жылдың 9 айының көрсеткішінен 9% жоғары. Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстары тұтынушыларына Астрахань-Маңғыстау суағызғысы арқылы Еділ суын беру көлемі есепті кезең үшін 17 млн.840 мың текше метрді құрады – бұл 2012 жылғы 9 айының нәтижесінен 2% жоғары. Алдын ала деректер бойынша, 2013 жылдың үш тоқсанындажеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша негізгі қызметтен түскен табыс 125 млрд. 895 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 12% жоғары және 2012 жылғы осындай кезең көрсеткішінен 42% жоғары. Бұл орайда таза пайда 50 млрд. 938 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 67% жоғары болып, 2012 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша нәтижеден 178%-ға жоғары. «ҚазТрансОйл» АҚ одан әрі өндірістік қызметтің жоғары санаттарын ұстануға және өзінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ниеттенуде. Ақпарат: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистральды мұнай құбыры жөніндегі операторы. Компания ұзындығы 5 мың км. аса мұнай құбырлары мен 2 мың км. астам су құбырлары желісін басқарып, 8 мыңнан аса адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер