KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Екатеринбург қаласында 11 қарашада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақтық ынтымақтастық жөніндегі Х Форум шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ», «ҚазТрансОйл» АҚ және «НК «Р

 12.11.2013    253
Екатеринбург қаласында 11 қарашада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақтық ынтымақтастық жөніндегі Х Форум шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ», «ҚазТрансОйл» АҚ және «НК «Роснефть» ААҚ «Қазақстан Республикасы аумағы арқылы мұнай тасымалдауға арналған алдын ала шартқа және кепілдіктерге» қол қойды. Осы құжатқа сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ және «НК «Роснефть» ААҚ арасында 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Прииртышск-Атасу-Алашанькоу бағыты бойынша ҚХР-ге жылына 7 млн. тонна мұнай тасымалдау қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасалатын болады. Шарттың қолданылу мерзімі - 5 жылға өзінен өзі қосымша ұзартылу мүмкіндігімен 5 жыл. Шарт бойынша төлем ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте айқындалған тарифтерге сәйкес жүргізілетін болады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей мұнайын Қытайға тасымалдауға арналған шарт ережелерін қолдау мақсатында екі ел үкіметаралық келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер