KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Қазақстан–Қытай мұнай құбырында екі жаңа мұнай айдау стансалары пайдалануға берілді

 13.12.2013    307
«ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылғы 13-14 желтоқсан аралығында «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС «Атасу – Алашаңқай» магистралдық мұнай құбырының №10 МАС пен №8 МАС-ты пайдалануға қабылдағаны жөнінде хабарлап отыр. Екі жаңа МАС Қазақстан-Қытай мұнай құбыры желісінің екінші кезеңнің екінші кезегін жүзеге асыру шеңберінде салынды. Берілген өндірістік объектілерде жұмыс науқанының басталуы «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырының өткізу қабілеттілігін жылына 20 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Объектілердің құрылысын салуды қаржыландыру «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС есебінен жүзеге асырылды. Жобаны жүзеге асырудың басынан-ақ нақты жұмсалған қаражат №8 МАС бойынша 9,3 млрд. теңгені (ҚҚС-ты санамағанда), №10 МАС бойынша 11, 6 млрд. теңгені (ҚҚС-ты санамағанда) құрады. МАС өндірістік объектілері диспетчерлік бақылау мен басқарудың автоматтандырылған заманауи жүйелері, электр қуатын коммерциялық жағынан есептеу желілермен, өрт пен газ шыққан кездегі сигнал беру жүйесімен жабдықталған. Бүкіл технологиялық, әкімшілік пен тұрмыстық ғимараттар және құрылыстар кешені еңбекті ұйымдастыру мен өндірістің қауіпсіздігінің заманауи талаптарына сәйкес келеді. 8 және 10 МАС жұмысшылары тұрғылықты пунктерден алшақ орналасу салдарынан кезекшілік әдіспен жұмыс істейтін болады. Жалпы жаңадан енгізілген өндірістік объектілерде 124 жаңа жұмыс орны пайда болады. Жұмыскер персоналының бір бөлігі керекті оқу мен дайындықтан өткен жергілікті тұрғындардан алынған болатын. «ҚазТрансОйл» АҚ жүк тасымалдаушылар қажеттіліктеріне сай келетін өздік магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің жан-жақты және келешекті дамуына бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмысты белсенді жүргізіп отыр. Басымдылықтарды дұрыс белгілей отырып, компания осымен өзінің басты функциясы – барлық тұтынушыларға мұнайды үздіксіз және мерзімді тасымалдайтын сенімді де үмітті серіктес ретінде абыройын растап отыр. «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры Қазақстан-Қытай магистральдық мұнай құбырының бөлігі болып табылады. «Атасу-Алашаңқайды» пайдалануға іске қосқан мерзімнен бастап 2006 жылы мен 2012 жылдың аяғына дейін мұнай құбыры бойынша 52,1 млн. тонна (оның ішінде 2006 жылы – 2,2 млн. тонна, 2012 жылы – 10,4 млн. тонна) мұнай тасымалданды. Үстіміздегі жылдың 11 ай ішінде «Атасу Алашаңқай» мұнай құбырына мұнай қотару көлемі 10,9 млн. тонна құрады. «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры иегері «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС - «ҚазТрансОйл» АҚ мен CNODC бірлескен кәсіпорын болып табылады. «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС-ның 50 пайыздық акциялар бөлігін және «МұнайТас» СБҚК» АҚ-тың 51 пайыздық акциялар бөлігін иемденіп отыр. Қазақстан-Қытай мұнай құбырын салу жобасы екі кезеңде – 1 кезеңде мұнай құбырдың өнімділігі жылына 10 млн. тонна болса, екінші кезеңде құрылыс кезегін аяқтау кезде жылына 20 млн. тоннаға жеткізуді жоспарлаумен жүзеге асырылып отыр. Жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі шеңберінде «Кеңкияқ-Атырау» мұнай құбыры (2003 ж., иемденуші - «МұнайТас«СБҚК») және «Атасу-Алашаңкай» мұнай құбыры (2006 ж., иемденуші - «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС). Екінші кезеңді жүзеге асыру екі кезекті құрылыстың екі кезегін қамтып отыр. Бірінші кезек шеңберінде «Кеңкияқ-Құмкөл» магистральдық мұнай құбыры салынған болатын (2009 ж., иемденуші - «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС), «Құмкөл» МБАС (2009 ж., иемденуші - «ҚазТрансОйл» АҚ). Екінші кезең шеңберінде мұнай айдау бағытының реверсі және «Атырау-Кеңкияқ» учаскедегі 4 қосымша насос стансаларын, «еңкияқ-Құмкөл» учаскедегі 3 насос стансаларын салуды және «Құмкөл-Қаракойын» мен «Қарақойын-Атасу» мұнай құбырларының өткізу қабілеттігін арттыру жоспарланып отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер