KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«КазТрансОйл» АҚ және «НК «Роснефть» ААҚ мұнай тасымалдау жөніндегі шартқа қол қойды

 30.12.2013    324
Үстіміздегі жылдың 27 желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Қайыргелді Қабылдин және «НК «Роснефть» ААҚ президенті Игорь Сечин мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсету шартына қол қойды. Бұл құжат «Қазақстан Республикасы аумағы арқылы мұнай тасымалдау алдын ала шартымен және кепілдіктермен» бекітілген сол ережелерді көздейді. Атап айтқанда, «ҚазТрансОйл» АҚ 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап «НК «Роснефть» ААҚ-қа Прииртышск – Атасу – Алашаңқай бағытымен ҚХР-ға қарай жылына 7 млн. тонна көлемде мұнай тасымалдау қызметтерін көрсетеді. Шарттың қолданылу мерзімі – 5 жыл, қосымша тағы 5 жыл мерзімге өздігінен ұзартылуы ықтимал. Шарт бойынша төлем Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тарифтерге сәйкес жүргізілетін болады. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер