KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Batumi Industrial Holdings Limited» компаниялар тобының құрылымын қайта қарауының аяқталғаны туралы хабарлайды

 30.12.2013    323
«ҚазТрансОйл» АҚ «Batumi Industrial Holdings Limited» компаниялар тобының құрылымын қайта қарауының жоспарына сәйкес («ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген, 2013 жылғы 16 сәуірдің №11 мәжіліс хаттамасы ), сонымен қоса «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ профильді активтерінің құрылымын қайта қарау жоспарының іс-шараларына сәйкес («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген, 2013 жылғы 21 ақпанның №2/2013 мәжіліс хаттамасы) «Batumi Industrial Holdings Limited» компаниялар тобының құрылымын қайта қарауының аяқталғаны туралы хабарлайды. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде 2013 жылы 11 желтоқсанда «Batumi Industrial Holdings Limited», «Batumi Capital Partners Limited» және «Batumi Services Limited» компанияларының «Batumi Terminals Limited» компаниясына қосылу жолымен қайта ұйымдастыру рәсімдері аяқталды. 2013 жылы 25 желтоқсанда «Батуми мұнай базасы» ЖШҚ-ның «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-на қосылу үрдісі аяқталды. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ «Batumi Terminals Limited» (Кипр) компаниясының 100% акцияларының иеленушісі болып табылады. Грузиядағы өндірістік активтерді – Батуми мұнай терминалына, Батуми мұнай базасына және Батуми теңіз кемежайына тікелей иелік ету және оларды басқару ол арқылы жүзеге асырылады. Инвесторлармен байланыс қызметі «ҚазТрансОйл» АҚ
Реакция:
Серiктестер