Нақты деректерге қарағанда, «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобы бойынша шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 49 млн. 271 мың тоннаны құрады, жоспарлы межеден 3% және 2012 жылдың 9 айындағы ұқсас нәтижесінен 1% жоғары.
Шоғырландырылған мұнай айналымы 34 млрд. 107 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 11% және 2012 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 9% жоғары.
Есеп беру кезеңі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 17 млн. 840 мың текше метр болды, бұл жоспарлы межеден 14,5% және 2012 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 2,2% жоғары.
Есеп беру кезеңі бойынша негізгі қызметтен түскен табыс 141 млрд. 482 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 12% жоғары және 2012 жылғы осындай кезең көрсеткішінен 37% жоғары. Бұл орайда таза пайда 52 млрд. 339 млн. теңгені құрады, бұл жоспарлы межеден 42% жоғары болып, 2012 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша нәтижеден 128%-ға жоғары.
«ҚазТрансОйл» АҚ есеп саясатына сәйкес 2013 жылдың 31 шілдедегі күйіне сай «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының негізгі құрал-жабдықтарын қайта бағалауы өткізілді. Қайта бағалаудың алдын ала қорытындылары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ тобы активтерінің теңгерімдік құндылығы 407 млрд. 978 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың 31 желтоқсанның нақты көрсеткішінен 12% жоғары.
«ҚазТрансОйл» АҚ
Баспасөз қызметі