KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге қажеттілігі туралы жекелеген тұлғаларға ескерту

 30.01.2014    587
Құрметті акционерлер,
«Жемқолыққа қарсы күресу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (10-бап) сіздерді ескертеміз: Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті лауазымды және өзге де адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға педагог¬тік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады. Аталған адмдар қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде өзінің меншігіндегі, пайдаланылуы табыс алуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы функцияларды орындау уақытына сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақша, облигациялар, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайлары, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік жатады. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады. «Жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (3-бап): Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға келесілер жатады: - барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар; - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға: - жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар; - заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері; - жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер; - мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі кемінде елу процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде елу процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар; - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қызметшілері мен оның мекемелері теңестіріледі. Жоғарыда айтылғанға сай, тұлғалар «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын сатып алған жағдайда оларды сатып алынған күнінен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге және мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде нотариалды куәландырылған шарттың көшірмесін жұмыс орны бойынша кадр қызметіне табыс етуге міндетті («Жемқорлыққа қарсы куресу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 10-бап, 4-тармақ). Ынтымақтастыққа рақмет.

«ҚазТрансОйл» АҚ инвесторларымен байланыс қызметі
Реакция:
Серiктестер