KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтті

 29.05.2014    479
2014 жылдың 28 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жинлысын өткізді (АЖЖЖ). Онда компания қызметі үшін бірқатар маңызды шешім қабылданды. АЖЖЖ-та «ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылдағы жылдық қаржы есебі мен шоғырланған жылдық қаржы есебі, 2013 жылдағы жылдық есеп, Директорлар кеңесінің 2013 жылда жасаған жұмысы туралы есебі мен басқа құжаттар бекітілді. Маңызды шешімдердің ішінде – 2013 жылғы таза пайданы үлестіру тәртібі мен қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу. 2013 жылдың қорытындылары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 109 теңгені немесе орналастыру бағасының 15 пайызын құрады (Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес ұсталынатын салықтарды қосқанда). 2013 жылға дивидендтердің жалпы сомасы 41 миллиард 925 миллиондай теңгені немесе 2013 жылда тапқан таза пайданың 66 пайызын құрады. 2013 жылдың қорытындылары бойынша жылдық дивидендті төлеу акционерлер реестріне сәйкес 2014 жылғы 13 маусымда 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша жүзеге асырылып, 2014 жылғы 3 шілдеден бастап жүргізіледі. АЖЖЖ-та Директорлар кеңесінің кейбір мүшелердің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын доғару және үш жыл өкілеттік мерзіммен Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау туралы шешім қабылдады:
1) Ардақ Махмұдұлы Қасымбек – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өкілі; 2) Ардақ Жұмағұлұлы Мұқышев – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өкілі; 3) Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин – «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының бас директоры (Басқарма төрағасы); 4) Дэниел Михалик – тәуелсіз директор; 5) Мұстафа Хабиб – тәуелсіз директор; 6) Серік Достанұлы Пірімбетов – тәуелсіз директор.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Ардақ Махмұдұлы Қасымбек сайланды. Сонымен қатар акционерлер «ҚазТрансОйл» АҚ Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуін, акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесі туралы ережелерін жаңа редакциясында бекітті. «ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральді мұнай құбырының ұлттық операторы. «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы ұзақтығы 7,6 мың км асатын магистральді мұнай құбырлар мен су таратқыштар әртараптандырылған торабын иеленетін Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай тасымалдау компаниясы болып табылады. «ҚазТрансОйл» АҚ еліміздегі өндірілетін мұнайдың жалпы көлемінің 59 пайызын экспорт пен ішкі нарыққа тасымалдап отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялары Қазақстандық Қор Биржасында листингтен өтті. Халықтық IPO нәтижесінде 2012 жылдың қараша-желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері Қазақстан Республикамыздың 33 989 азаматы және 10 жинақтаушы зейнетақы қорлары болды. «ҚазТрансОйл» акцияларымен сауда-саттық көлемі тұрақты түрде Қазақстан қор биржасында сауда-саттық көлемінің 30 пайызын құрап отыр. Орналастыру уақыттан бастап акцияның нарықтық бағасы 60-тан аса пайызға өсті.

Байланыс ақпарат

«ҚазТрансОйл» АҚ
Инвесторлармен байланыс жөніндегі басшысы (+7 7172 555 049) Алмаз Маратұлы Масалин Топтық хатшы (+7 7172 555 034) Арман Саткенұлы Майкенов Баспасөз қызметінің басшысы (+7 7172 555 135) Раиса Байғазықызы Самақова
Төлем агенті – «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ (тек «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ң нақтылы ұсталымындағы акциялар үшін)
Қазақстан Республикасы Алматы, 050051 «Самал-1» шағын ауданы, 28 үй тел. +7 727 262 03 09, +7 727 262 04 02, +7 727 262 06 22, +7 727 262 11 01, +7 727 262 12 23, +7 727 262 1404.
Реакция:
Серiктестер