KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2014 жылғы бірінші тоқсандағы қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметі бойынша қорытындысын хабарлайды

 30.05.2014    540
Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай тасымалдау көлемі 12 млн. 714 мың тонна құрады, бұл 2013 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелерінен 6% төмен. Шоғырланған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен аударудың көлемі 15 млн. 488 мың тонна құрады, бұл 2013 жылдың бірінші тоқсанының ұқсас нәтижесінен 8,6% төмен. Мұнайдың жүк айналымы бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 8 млрд. 941 млн. тонно-километрді құрады, бұл 2013 жылдың І тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 3% төмен. Шоғырландырылған жүк айналымы 11 млрд. 79 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2013 жылдың бірінші тоқсанының ұқсас көрсеткішінен 1,8% төмен. Қазақстанның Атырау мен Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахан-Маңғыстау суазғысы арқылы су беру көлемі 5 млн. 429 мың текше метр болды, бұл 2013 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 6% жоғары. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2014 жылдың І тоқсанның кіріс көлемі 41 млрд. 352 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың бірінші тоқсанының ұқсас нәтижесінен 0,4% төмен. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2014 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 15 млрд. 140 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың І тоқсанының көрсеткішінен 9,6% төмен. 2014 жылдың І тоқсанның шоғырланған табысы 45 млрд. 385 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың І тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 3,6% төмен. Шоғырланған таза пайдасы 5 млрд. 76 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың бірінші тоқсанының көрсеткішінен 75% төмен. Шоғырланған пайданың түсуі негізінен бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардан пайда болатын шығындармен байланысты. Ұлттық валютамыздың құнсыздануы нәтижесінде «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-да АҚШ долларда алынған қаржылық міндеткерліктерді (қарыздарды) қайта санаудан кейін бағам айырмадан шығын пайда болды. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасы магистральды мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 мың км. аса мұнай құбырлары мен 2 мың км. аса су құбырлары желісін басқарып, 8 мыңнан аса адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер