KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Қарағандыда «ҚазТрансОйл» АҚ-ң Қарағанды мұнай құбыры басқармасының жаңа офисі ашылды

 10.06.2014    345
10 маусымда Қарағандыда «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Қарағанды мұнай құбыры басқармасының жаңадан салынған әкімшілік ғимараттың салтанатты ашылуы өтті. Судай жаңа үш қабатты ғимарат барлық санитарлық-тұрмыстық, құрылыс нормаларына сай, жұмыс тәртібін сараптауды, құраманың санын, ерекше шарттар мен талаптарды ескере отырып салынған болатын: ішінде жайлы да техникалық жағынан жабдықталған кабинеттер, еңбек қорғау мен мемлекеттік тілді оқытудың сыныптары, конференц-зал, өндірістік жиналыстарды өткізу үшін селекторлық бөлмелер, жайлы асхана және басқа да кешенді бөлмелер бар. Өз қызметкерлері үшін жаңа ғимаратты салу «ҚазТрансОйл» АҚ-ң Қарағанды аймағының әлеуметтік дамуына зор үлестің белгісі. Компания, жоспарлы түрде әлеуметтік жауапкершіліктің принциптерін жезеге асыра отырып, өзінің өндірістік бъектілері орналасқан аймақтардың халқын әлеуметтік жағынан белсенді түрде қолдап отыр. Дәлірек айтқанда, 2011 жылы, «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК бекітілген Бағдарламаның шеңберінде демеушілік қаржыларға Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Петропавл, Семей мен Өскеменде бірыңғай көпсалалы спорттық алаңқайлар салынған болатын. 2012 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ көмегімен Павлодардағы көпсалалы спорттық кешеннің салынуы аяқталды. Ал өткен жылда «ҚазТрансОйл» Қарағанды облысына Атасудағы 170 орынға жобаланған балалар бақшасы салынып, сыйға берілген болатын. «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Қарағанды мұнай құбыры басқармасы 1983 жылы құрылған, компаниямыздың еліміз үшін стратегиялық маңызы бар халықаралық қазақстан-қытай Атасу-Алашаңқай бағыты бойынша мұнай тасымалын қамтамасыз ететін маңызды құрылымдық бөлімше. Басқарманың құрамына: «Атасу» БМАС, «Трудовое» АҚП, «Атасу – Алашаңқай» ММҚ «Атасу» АҚП, «Атасу – Алашаңқай» ММҚ №8 МАС кіреді. Қазіргі кезде басқарма мұнай құбырының 810,3 километріне қызмет көрсетеді, оның ішінде «Атасу – Алашаңқай» ММҚ учаскесі 292 км. Басқарманың штаттық саны 410 адамды құрайды. Қарағанды МҚБ құрылған сәттен бастап жалпы 183,6 млн. тонна мұнай айдалды. «Атасу» БМАС «Павлодар - Шымкент» ММҚ-ның 681 км-де орналасқан, станса «Атасу - Алашаңқай» ММҚ бойынша мұнай тасымалдануын жүзеге асырады және де мұнайды төгіп құю эстакадасында мұнай тиеуді жүзеге асырады. Станса «Атасу - Алашаңқай» ММҚ бойынша және Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды әрі қарай тасымалдау арқылы Құмкөл кен орнынан, Ақтөбе кен орнынан және РФ-ның Батыс-Сібір өңірінен мұнайдың қабылдануын жүзеге асырады. «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2006 жылы с 2,2 млн. тоннадан 2013 жылы 11,8 млн тоннаға дейін ұлғайды, бұл Қазақстан Республикасынан экспортқа баратын бүкіл мұнайдың 16 пайызын құрайды. 2013 жылдың желтоқсан айында біз Атасу-Алашаңқай бойында орналасқан екі жаңа мұнай айдау стансаларын пайдалануға бердік, бұл мұнай құбырдың қуаттылығын жылына 20 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер