KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2014 жылдың 1 жартыжылдағы өндірістік пен қаржылық қызметінің нәтижелері жөнінде хабарлайды

 30.07.2014    488
Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және айдаудың көлемі 25 млн. 44 мың тоннаны құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 4,4% төмен. Сонымен қоса шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 30 млн. 880 мың тоннаны құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 5,5% төмен. Мұнайдың жүк айналымы бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 17 млрд. 927 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 2,2% төмен. Ал шоғырландырылған айналымы 22 млрд. 105 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 1,8% төмен. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 11 млн. 950 мың текше метр болды, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 6,3% жоғары. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2014 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша кіріс көлемі 87 млрд. 865 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 6,66% жоғары. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2014 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша таза пайдасы 36 млрд. 755 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы көрсеткішінен 10,07% жоғары. Инвесторлармен байланыс қызметі «ҚазТрансОйл» АҚ
Реакция:
Серiктестер