2014 жылдың 6 қазанында Астана қаласының әділет департаментімен «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Бас ақпараттық-есептеу орталығы» (БАЕО) филиалының есептік қайта тіркеуі жүзеге асырылған болатын. БАЕО қызметінің басты мақсаты «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлары бойынша мұнай тасымалдауымен байланысты ақпараттық жүйелердің, технологиялық процестер мен өндірістік-технологиялық байланысты басқарып отыратын автоматтандырылған жүйелердің нәтижелі жұмыс жасауды қамтамасыз ету болып табылады.