Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 37 млн.310 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы межеден 2% және 2013 жылдың 9 айындағы ұқсас нәтижесінен 6% төмен.
Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай айналымы 26 млрд. 857 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 2% жоғары және 2013 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 4% аз.
Шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 46 млн. 032 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы межеден 3% және 2013 жылдың 9 айындағы ұқсас нәтижесінен 7% төмен.
Шоғырландырылған мұнай айналымы 33 млрд. 081 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 2% және 2013 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 3% төмен.
Есеп беру кезеңі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 19 млн. 123 мың текше метр болды, бұл жоспарлы межеден 22% және 2013 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 7% жоғары.
Жалпы «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай тасымалдау көлемінің төмендеуі мұнай өндіретін компанияларының («Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.», «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Казақойл Ақтобе» ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ, «ПетроҚазақстан Құмкөль Ресорсиз» АҚ және бақалары) мұнайды магистральдық мұнай құбырлары жүйсіне тапсырудың азаюымен байланысты.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМунайГаз» АҚ ҰК еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,5 мың км. Магистралдық мұнай құбырлары мен ұзындығы 2,1 мың су құбыры желілерін бақылап отыр, 8 мыңнан астам адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
«ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі